Астана мен Алматыда Халит Эргенчпен кездесулер өтпейтін болды

Жарияланды 26 Қараша 2026 18:15

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
«Сұлтан Сүлеймен» телехикаясынан үзінді

«Сұлтан Сүлеймен» телесериалында басты рөлді сомдаған түрік актері Халит Эргенч қазақстандық көрерменмен кездеспейтін болды.

Бұған дейін актермен Алматы мен Астанада кездесулер өтетіні хабарланды. Бастапқыда кездесу 14 қыркүйекте өтеді деп жоспарланды. Одан кейін 23 қарашада Астанада, 25 қарашада Алматыда өтетін болды.  

Алайда Астанадағы Республика сарайының Instagram парақшасында іс-шаралар билеттердің жеткілікті көлемде сатылмауына байланысты тоқтатылғаны хабарланды.

Содан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желідегі пікірлерінде бұл туралы алдын ала ескертілмегеніне наразылық білдіріп жатыр.

Бұған дейін Халит Эргенч қазақстандық журналист Майя Бекбаеваға сұхбат берді. Актер бұрын-соңды Қазақстанға келмегенін, енді қарашада Алматы мен Астанаға баруды жоспарлап отырғанын айтты. 

Сондай-ақ оқыңыз