Атыраулық «хакер» үш жарым жылға сотталды
Жарияланды

Атыраулық «хакер» ретінде белгілі Нұрлан Жаңбырбаевтың үш жарым жылға бас бостандығы шектелді.
Ер адам осы аралықта пробациялық бақылауда болады. Бұл туралы атыраулық журналист Жанат Молдашева жазды.
Журналистің жазуынша, ер адамның 12 жәбірленушіге 14 млн теңгеден астам қарызы болған. Өзі 12 млн теңгені қайтарғанын айтқан.
«Судья Эльмира Ойқұлова жаза тағайындауда осының бәрін ескергенін және сотталушыға түзелуге мүмкіндік берілгенін айтты», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Атыраулық хакер туралы дерек Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасы хабар-ошарсыз кеткеннен кейін тарады. Ол отбасы мүшелерінің қайда жүргенін болжап, дерек келтірген.