Әлемде туристер ең аз баратын елдер тізімі жарияланды

Жарияланды 26 Қараша 2026 21:03

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Попросили ИИ Минтуризма спланировать поездку на Алаколь: он предложил автобус на 18 часов
фото: shutterstock

Әлемде шетелдік туристер ең аз баратын елдердің тізімі жарияланды. One Step 4Ward саяхат блогының дерегіне сәйкес, рейтингке 30 мемлекет енген.

Тізімдегі елдер әлем мемлекеттерінің 15 пайыздан астамын құрайды. Алайда олардың үлесіне әлемдік туристік ағынның 0,1 пайызына да жетпейтін бөлігі тиесілі.

Рейтингте Сомали туристер ең аз баратын ел ретінде көрсетілген. Автордың мәліметінше, бұл мемлекетке жылына 100-ден аз турист барады. Одан кейінгі орындарда Йемен мен Экваторлық Гвинея тұр. Бұл елдерге жылына 500-ден және мыңнан аз турист барады.

Туристер ең аз баратын елдердің қатарына Тувалу (жылына 2 мың турист), Кирибати (4 мың), Оңтүстік Судан (5,5 мың), Маршалл аралдары мен Ливия (6 мыңнан) енген.

Сондай-ақ тізімде Сан-Томе және Принсипи (8 мың), Түрікменстан (9 мыңнан аз), Мали (14 мың), Микронезия Федеративтік Штаттары (19 мың) және Ауғанстан (20 мың) бар.

Ал Соломон аралдарына жылына шамамен 27 мың, Мавританияға 30 мың, Комор аралдарына 36 мың турист барады. Либерия, Гвинея және Гвинея-Бисауда бұл көрсеткіш 45 мың шамасында. Джибутиге жылына 51 мың, Тонгаға 54 мың, Сьерра-Леонеге 57 мың, Доминикаға 63 мың турист барады.

Тізімнің соңғы бөлігінде Тимор-Лесте (75 мың), Сент-Винсент және Гренадин аралдары (80 мың), Сан-Марино (85 мың), Солтүстік Корея (100 мың), Эритрея (142 мың) және Молдова (145 мың) тұр.

Сондай-ақ оқыңыз