Таңғы дайджест: АҚШ нарығы демалыста, Қазатомөнеркәсіп акциялары өсім көрсетті

Жарияланды 27 Қараша 2026 08:17

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

26 қарашада Қазақстан қор биржасының индексі 0,65% өсіп, 7 783,98 тармақпен жабылды. Индекс құрамындағы акциялармен жасалған мәмілелер көлемі 3% артып, 1,1 млрд теңгеге жетті.

Air Astana (AIRA) мен «Қазатомөнеркәсіп» (KZAP) акциялары 1,6%-дан қымбаттады. KEGOK(KEGC) 1,5%, Kaspi.kz (KSPI) 1,2% өсті. Сәрсенбі, 25 қараша, 5% арзандаған «Қазатомөнеркәсіп» акциясы 24 994 теңгеге дейін көтерілді.

26 қараша, бейсенбіде индекс құрамындағы бірде-бір компанияның акциясы арзандаған жоқ. «ҚазМұнайГаз» (KMGZ) акциясының бағасы өзгеріссіз қалды.

26 ҚАРАША 2026

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

USD/KZT · 17:00
458,74 ₸
▲ 0,37 ₸
РЕСМИ БАҒАМ · 27.11
458,85 ₸
▲ 0,28 ₸
АЛТЫН · СПОТ
$3 566,99
▼ 0,4%
BRENT
$96,57
▲ 1,2%
BITCOIN
$60 868,26
▲ 0,81%
KASE ИНДЕКСІ
7 783,98
▲ 0,65%
S&P 500 · 25.11
7 182,78
−0,25% · демалыс
NASDAQ · 25.11
23 585,80
−0,62% · демалыс

Қор нарығы · KASE акциялары

Air Astana
AIRA
Air Astana
710,00 ₸
+1,6%
Қазатомөнеркәсіп
KZAP
Қазатомөнеркәсіп
24 994,00 ₸
+1,6%
Кегок
KEGC
Кегок
1 520,00 ₸
+1,5%
Kaspi.kz
KSPI
Kaspi.kz
40 487,77 ₸
+1,2%
Банк ЦентрКредит
CCBN
Банк ЦентрКредит
5 480,00 ₸
+0,3%
Қазақтелеком
KZTK
Қазақтелеком
44 708,12 ₸
+0,2%
Halyk Bank
HSBK
Halyk Bank
371,00 ₸
+0,1%
ҚазТрансОйл
KZTO
ҚазТрансОйл
1 365,99 ₸
+0,1%
Kcell
KCEL
Kcell
3 195,90 ₸
+0,03%
ҚазМұнайГаз
KMGZ
ҚазМұнайГаз
36 000,00 ₸
0,00%
26 ҚАРАША 2026

БЕЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

01 · СЫРТҚЫ САУДА

Сауда профициті 20,1 млрд долларға жетті

Тоғыз айда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 11,8% өсіп, 116,8 млрд долларға жетті.

ОҚЫҢЫЗ ↗
02 · БАНК СЕКТОРЫ

Несие шарттарын өзгерту жеңілдейді

4 желтоқсаннан бастап мерзімі өткен берешекті қайта құрылымдаудың жаңа тәртібі күшіне енеді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
03 · МҰНАЙ

Қазақстан ОПЕК-тен квотаны арттыруды сұрады

Қазақстан мен Ирак мұнай өндіру қуатын қайта бағалауды талап етіп отыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
04 · АВТОНЕСИЕ

100 өтінімнің 18-і ғана мақұлданған

Үшінші тоқсанда автонесиеге өтінім саны 10% өсіп, 1,6 миллионға жетті.

ОҚЫҢЫЗ ↗
05 · ВАЛЮТА

Дүйсенбіден бері доллар 3,57 теңгеге қымбаттады

Kursiv Media ұлттық валютаның апта басынан бергі өзгерісін саралады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
06 · АЛТЫН ӨНДІРУ

«Алтыналмастың» жаңа ірі акционері пайда болды

Шахмұрат Мүтәліпке қатысы бар компания алтын өндірушінің ірі акционерлерінің қатарына қосылды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
07 · МҰНАЙ-ГАЗ

Сот Қашаған операторына қойылған шектеуді алып тастады

NCOC мүлкіне қатысты мәмілелер жасауға қойылған шектеудің күші жойылды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
08 · МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ

ІІМ айыппұлдан ең көп қаржыны қай өңірден жинады?

Kursiv Media айыппұлдан түскен қаражатты өңірлер бойынша салыстырды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
09 · ӨНЕРКӘСІП

Ақтөбе зауыты газдан электр қуатын өндіреді

Жаңа станция жылына 532 млн кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
10 · ЛОГИСТИКА

Қазақстан мен Ресей көлік дәліздерін дамытпақ

Екі ел көлік инфрақұрылымы мен транзит саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

ОҚЫҢЫЗ ↗
Kursiv Media · 26 қараша 2026

Доллар тағы қымбаттады

26 қарашада KASE-дегі кешкі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 458,74 теңгені құрады. Бұл 25 қарашаға қарағанда 37 тиынға жоғары. Валюта нарығындағы доллар саудасының көлемі 359,6 млн доллар болды.

Ұлттық банк 27 қарашаға доллардың ресми бағамын 458,85 теңге деңгейінде белгіледі.

АҚШ қор нарығында сауда өткен жоқ

26 қарашада АҚШ-та Алғыс айту күніне байланысты NYSE мен Nasdaq биржалары жұмыс істемеді. Сәрсенбідегі соңғы саудада S&P 500 индексі 0,25% төмендеп, 7 182,78 тармақпен, Nasdaq Composite 0,62% арзандап, 23 585,80 тармақпен жабылған еді. Индекстерге Nvidia, Amazon және Alphabet акцияларының арзандауы қысым жасады.

Жұмада АҚШ қор биржаларында қысқартылған сауда сессиясы өтеді.

Bitcoin қымбаттады

Bitcoin күндік кесте бойынша 0,81% қымбаттап, 60 868,26 долларға жетті. Осылайша криптовалюта 60 мың доллардан жоғары деңгейде сақталды.

Алтын арзандады

Алтынның спот бағасы 0,4% төмендеп, бір трой унциясы 3 566,99 доллар болды. АҚШ-та инфляцияның жоғары болуы және пайыздық мөлшерлеменің қайта көтерілу ықтималдығы қымбат металл бағасына қысым жасады.

Мұнай 96 доллардан асты

Brent мұнайының баррелі 1,2% қымбаттап, 96,57 долларға жетті. Таяу Шығыстағы шиеленіс пен мұнай жеткізілімінің бұзылу қаупі бағаның өсуіне әсер етті.

Сондай-ақ оқыңыз