Синдаров пен Гукеш әлем чемпионатында үшінші рет тең түсті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Жавохир Синдаров и Гукеш Доммараджу сыграли вничью в первой партии матча за шахматную корону
фото: FIDE

Женевада шахматтан 2026 жылғы әлем чемпионатының қазіргі чемпионы, үндістандық Доммараджу Гукеш пен өзбекстандық үміткер Жавохир Синдаров арасындағы матчтың үшінші партиясы аяқталды. Шахматшылар тағы да жеңімпазды анықтай алмай, тең тарқасты. Жалпы есеп – 1,5:1,5.

Үшінші партияда ақ фигуралармен 20 жастағы өзбек гроссмейстері Жавохир Синдаров ойнады. Қарсыластар испан партиясының берлин қорғанысын таңдады. Ойын барысында ол уақыт тапшылығына да тап болды. 40-шы жүріс алдындағы уақыт бақылауына дейін оның сағатында небәрі 8 секунд қалған. Соған қарамастан, ол жүрісті уақытында жасап үлгеріп, қосымша 30 минут алды.

Уақыт бақылауынан кейін ойын тыныш эндшпильге ауысты. Тақтада әртүрлі түсті шаршыларда жүретін пілдер қалды. Мұндай позицияда екі ойыншының да жеңіске жету мүмкіндігі аз болғандықтан, 60-шы жүрісте шахматшылар тең ойынға келісті.

27 қараша, жұма күні матчқа қатысушылар демалады. Төртінші партия 28 қараша, сенбі күні өтеді. Бұл жолы ақ фигуралармен Доммараджу Гукеш ойнайды.

Шахматтан классикалық ойын бойынша әлем чемпионы атағы үшін тартыс 24 қарашада басталған. Әлем чемпионы атану үшін шахматшылар 14 классикалық партияның қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинауы керек.

Сондай-ақ оқыңыз