Қытай 6G байланыс желілерінің құрылысына кіріскелі жатыр

Қытай 6G байланыс желілерінің құрылысына кіріскелі жатыр. Үкімет жоспарынша, 2030 жылға қарай ел толығымен жаңа байланыс желісімен қамтылуы керек деп жазады «Синьхуа» агенттігі.
Жоспар аясында 6G байланыс желілерін салу және Жердің төменгі орбитасында жұмыс істейтін спутниктік интернет жүйесін әзірлеуді аяқтау көзделген. Сонымен қатар өнеркәсіп пен көлік салаларына арналған өзара байланысқан желілер дамытылады. Бұл өндірісте ақылды технологияларды кеңінен қолдануға, жұмыс үдерістерін оңтайландыруға және елдің өнеркәсіп саласын цифрландыруға мүмкіндік береді.
Қытай 6G желісін тестілеуді алғаш болып 2025 жылы шілдеде бастап кеткен. China Mobile операторы 10 базалық станцияны іске қосып, олар секундына 280Гбит/с деген жылдамдық көрсетті. 50 Гб-тық файлды 1,4 секунд ішінде жүктеген. Жобаны China Mobile Қытай Ғылым академиясымен бірлесіп жүзеге асырды. Бастапқыда пилоттық режимде сынақтан өткен, енді тұтас ел бойынша қосуға кіріспек.
Бұл бағытта Қытайға бәсекелес те бар. Оңтүстік Кореяның Ақпараттық және Коммуникацияық технологиялар министрлігі 2028 жылы 6G желілерін іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаға Samsung пен LG қатысады.
Оқи отырыңыз: