
Tatler Asia халықаралық басылымы Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз туристік бағыттың тізіміне қосты. Қазақстандық мегаполис Жапонияның Хоккайдо, Қытайдың Харбин және Оңтүстік Кореяның Тогюсан курорттарымен қатар аталды.
Басылым Алматының басты артықшылықтарының бірі ретінде тау шаңғысы курорттарының қолжетімділігін атап өткен. Мәселен, туристер «Медеуден» «Шымбұлаққа» аспалы жол арқылы 20 минутқа жетпейтін уақытта көтеріле алады.
Сондай-ақ қала қонақтары Талғар асуына барып, әлемдегі түнгі шаңғы тебуге арналған ең биік трассалардың бірінде демала алады.
Tatler Asia басылымының бағалауынша, Алматының ерекшелігі – мегаполис пен тау курортының үйлесімі. Туристер шаңғы теуіп қана қоймай, қаланың музейлерін, мейрамханалары мен мәдени кеңістіктерін аралай алады.
Қазіргі уақытта қаланың туристік әлеуетін арттыру мақсатында Алматы тау кластері жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында жаңа жолдар салу, шаңғы трассаларын кеңейту және туристік инфрақұрылымды дамыту жоспарланған.
Бұған дейін, Алматы 2027 жылғы әлемнің үздік 20 туристік бағытына кірді