BilimClass платформасында ақау: компания ресми мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Все школы Алматы переходят на новый электронный журнал BilimClass
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

27 қарашада BilimClass платформасында техникалық ақау болды. Сервис қолданушылары желіде платформаға кіре алмай жатқанын жазып жатыр.

Кейбір пайдаланушылардың жазуынша, сервистегі оқушылардың үй тапсырмалары, ал өзгелерінде баға өшіп қалған. Тағы бір қолданушыларды платформадан шығарып тастаған.

фото: Threds желісінен
фото: Threds желісінен

Компания ресми түрде мәлімдеме жасап, техникалық ақау болғанын мойындады.

«Бүгін платформада техникалық инцидент орын алып, соның салдарынан кейбір пайдаланушыларға қате хабарламалар келген болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта мамандарымыз жағдайды шешу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай жіті бақылауымызда», – деп жазылған платформа хабарламасында.

BilimClass платформасы Bilim Group  компаниясына қарайды. Биыл тамызда Freedom холдингі Bilim Group компаниясының үлесін сатып алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз