Қазатомөнеркәсіп бір аптада үш адамның кетуіне қатысты мәлімдеме жасады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының директорлар кеңесі басқарманың үш мүшесінің қызметтен кетуіне және олардың бірінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулар бойынша ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.
Компания басшылығы қалыптасқан жағдай акционерлер, инвесторлар, қызметкерлер мен серіктестер арасында алаңдаушылық туғызуы мүмкін екенін мойындады. Осыған байланысты директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі мен корпоративтік басқару рәсімдеріндегі ықтимал кемшіліктерді тексеруге және оларды түзетуге дайын екенін мәлімдеді. Компания құзыретті органдармен ынтымақтасып, кінәсіздік презумпциясы қағидатын ұстанатынын атап өтті.
«Қазіргі таңда біздің басты назарымыз басқару мен бизнесті үздіксіз қамтамасыз етуге, қызметкерлерімізді қолдауға және акционерлердің мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазіргі жағдай компанияның операциялық қызметіне әсер етпегенін мәлімдейміз», – делінген директорлар кеңесінің мәлімдемесінде.
Компанияның хабарлауынша, 2026 жылға арналған өндірістік және қаржылық болжам өзгеріссіз қалады. Даму стратегиясына да түзету енгізілмейді. Басқарма кворумды сақтап отыр, ал қызметтен кеткен басшылардың міндеттері компания басшылығы арасында қайта бөлінген.
Жаңа лауазымды тұлғалар тағайындалғаннан бұл жайлы ресми хабарланады.
Директорлар кеңесі компанияның тұрақты жұмысы жекелеген басшыларға емес, ұжымның тәжірибесі мен қалыптасқан іскерлік байланыстарға негізделетінін атап өтті.