Маңғыстауда екі адам Каспий теңізіне ағып кете жаздады

Жарияланды
фото: shutterstock

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қатты толқын салдарынан үрлемелі қайықпен ашық теңізге қарай ығып кеткен екі адам құтқарылды.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері оларды жағадан үш шақырым қашықтықтан тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Ведомство мәліметінше, құтқарылған екі ересек адамға медициналық көмек қажет болмаған.

Алайда олар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша жауапқа тартылды. Азаматтарға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

ТЖМ өкілдері ауа райы қолайсыз, теңіз толқып тұрған кезде суға шықпауға, үрлемелі қайықпен жағадан алысқа ұзамауға және құтқару кеудешесін міндетті түрде киюге шақырды.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да Ертіс өзенінде үш балықшы суға батып кетті

Сондай-ақ оқыңыз