«Көзқарасым өзгерген жоқ»: Рыбакина миллиондаған табысын қайда жұмсайтынын айтты

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ақшаға деген көзқарасы мен қаржылық ұстанымы туралы айтты.
«Меніңше, көп табыс тапқаннан кейін, көзқарасым өзгерген жоқ. Жалпы, өзім жасағым келген ерекше саудаларды жасадым. Мен көбірек болашақ туралы, болашаққа салынатын қандай да бір инвестициялар жайлы ойлайтын шығармын. Негізгі бір ірі сатып алу болған жоқ», – деді Елена Рыбакина.
Осылайша теннисші қымбат дүниелер сатып алудан гөрі, болашаққа инвестиция салуға көбірек көңіл бөлетінін жеткізді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2026 жылы әлемдегі ең көп табыс табатын теннисшілердің үздік ондығына енді. Халықаралық басылымдардың бағалауынша, оның кортта тапқан жүлде ақшасы мен демеушілік келісімшарттардан түскен жылдық табысы 16,3–17,4 млн доллар шамасында болған.
Оқи отырыңыз: US Open Рыбакинаның бір жылдық табысының жартысын әкелді