Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мәслихат сайлауында дауыс берді
Жарияланды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Ол Satbayev University ғимаратында орналасқан №257 сайлау учаскесіне барды.
Дархан Сатыбалды президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билік жүйесінде мәслихаттардың рөлін күшейту маңызды екенін атап өткенін еске салды. Әкімнің айтуынша, депутаттар тұрғындардың мүддесін білдіреді және қала үшін маңызды мәселелерді шешуге қатысады.

Алматы қалалық мәслихатына 168 кандидат үміткер. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.