Аптаның басты кадрлық ауыс-түйістері

Жарияланды
фото: NY

Қазақстанда осы аптадағы ең ірі кадрлық өзгерістер ұлттық компанияларда болды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кеткен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолын» басқаруға барды. Ал «Қазатомөнеркәсіп» бірнеше күннің ішінде басқарма мүшелерінің жартысынан айырылды. Kursiv Media аптаның басты кадрлық ауыс-түйістерін жинады.

Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ басшысы болды

24 қарашада Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Аптаның басты кадрлық ауыс-түйістері

23–28 қараша 2026 жыл
1 Жаңа тағайындау
4 Қызметтен кету
24 қараша Сейсенбі
Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылып, ҚТЖ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Жаңа қызметке ауысты
24 қараша Сейсенбі
Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры
Өкілеттігі тоқтатылды
24 қараша Сейсенбі
Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры
Өкілеттігі тоқтатылды
26 қараша Бейсенбі
Қазатомөнеркәсіптің сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры
Өз еркімен кетті
Дереккөз: Kursiv Media

Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» қорының басқармасы қабылдады. Нағаспаев бұған дейін де теміржол саласында басшылық қызмет атқарған.

Қазатомөнеркәсіптің екі топ-менеджері қызметінен кетті

24 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» директорлар кеңесі өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбеков пен коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғужиннің басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Компания олардың міндеттерін басқа басшыларға бөліп бергенін хабарлады.

Қазатомөнеркәсіптен үшінші топ-менеджер кетті

26 қарашада «Қазатомөнеркәсіптің» сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті.

Осылайша үш күннің ішінде ұлттық компанияның алты басқарма мүшесінің үшеуі қызметінен кетті. Басқарма құрамында Мейіржан Юсупов, Марат Төлебаев және Дастан Көшербаев қалды.

Сондай-ақ оқыңыз