Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат сайлауында дауыс берді
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қарашада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Мемлекет басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барды.

Бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайланып жатыр. Ел бойынша 228 мәслихаттағы 3 447 орынға 10 971 кандидат тіркелген.
Сайлау неге кезектен тыс өтіп жатыр?
12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға тағайындады.