Грузияда коронавирусты жұқтырғандар саны 80 мыңға жетті

Жарияланды
Бұл елде бір тәулікте 3020 адамда індет анықталды

Грузияда коронавирусты жұқтырғандар саны 80 мыңға жетті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады

Өткен тәулікте Грузияда коронавирусты (COVID-19) жұқтырудың 3020 жағдайы анықталды, 34 адам қайтыс болды.

Бұл туралы Грузия үкіметінің коронавируспен күрес аясында құрылған арнайы сайтында хабарланды.

Осылайша, Грузияда коронавирусты жұқтырғандар саны 79 678-ге жетті, қайтыс болғандар саны – 703.
62 061 адам жазылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз