Жапонияның солтүстік-шығысында жойқын жер сілкінді
Жарияланды
7,3 баллды құрады
Жапонияның солтүстік-шығысында Фукусима аумағында жойқын жер сілкінісі орын алды. Магнитудасы 7,3 баллды құрады. Бұл туралы The Japan Times хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі ел астанасынан солтүстікке қарай 220 км қашықтықта Тынық мұхитында орналасқан.
Дүмпудің қатты сезілген жері – Фукусима мен Мияги аумағы, онда жапондардың 7 балдық өлшемімен алғанда 6+ балл жер сілкінісі сезілген.
Ал Жапония астанасы Токиода 4 балл шамасында болған. Цунами қаупі жоқ.
Уақытша Синкансэн электрпойыздары тоқтатылды.