Францияда індетке қарсы вакцинация міндеттелмейтін болды

Жарияланды
Бүгінде француздардың 90 проценті егілген

Франция сенаты тұрғындарды коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау заң жобасын мақұлдаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты

Депутаттардың басым бөлігі дауысқа салынған құжатқа қарсы шықты. 

Осыған дейін, Францияда социалист сенаторлар COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті етуді көздеген. Тиісті заң парламенттің жоғарғы палатасында қаралуы тиіс болды. Бірақ, шенеуніктердің көбі тұрғындарды міндеттеуді жөнсіз деп санады.

Олардың йтуынша, онсыз да вакцина төлқұжатының еңгізілуі арқылы елде екпе егу науқаны бір ізге қойылды. Бүгінде француздардың 90 проценті егілген. 

  «Міндетті вакциналау ұсынысы тым кешікті деп есептеймін. Мәселен, бүгінге дейін 12 жастан асқандардың 85 проценті екпе салдырды. Вакциналау науқаны карқынды. Шын мәнінде екпе қабылдауға қарсы болып отырғандар бірен-саран ғана»,-деді Франция сенатының депутаты Вероник Гийотен.
 

Сондай-ақ оқыңыз