Талибан Ауғанстанда қауіпсіздікті күшейтпек

Жарияланды
Ел ішіндегі мешіттерде болған жарылыс себеп

Талибан Ауғанстанда қауіпсіздікті күшейтпек. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.

Оған жақында Кандагардың оңтүстігіндегі мешітте болған жарылыс себеп. Ол кезде содырдың өзін жарып жіберуінен 30-дан астам адам көз жұмды. Сонымен қатар, 70-ке жуық адам жарақат алған. 

Бұған дейін Құндыз қаласында да осыған ұқсас жағдай болған. Мешіттегі жарылыстан 150 адам қайтыс болды. 200-ден аса кісі жараланды.

 Бұл лаңкестік әрекетті «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының бір бөлімі ұйымдастырғаны белгілі болды.

 

Сондай-ақ оқыңыз