3000 жуық турист Қазақстанға оралды

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Тағы 733 адам бүгін ұшып келеді

18 наурыздан бастап 14 чартерлік рейс ұйымдастырылып, 2 818 адам елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспеков брифинг барысында айтты. 

«18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік операторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған. Оның 14 чартерлік рейсі ұйымдастырылып, 2 818 адам елге қайтарылды. Бүгін-ертең тағы 5 чартерлік рейс ұйымдастыруды қолға алмақпыз. Төртеуі бүгін түнде  733 туристпен ұшып келеді»,-деді ол. 

 

Чартерлік рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы Атырау, Қостанай, Ақтөбе қалаларында ұйымдастырылды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз