Ресей барлық елдермен әуе қатынасын тоқтатты

Жарияланды
23 наурыздан бастап шектеулер енгізілді

Ресейде COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты, әуе тасымалына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы Федерал агенттігінің хабарламасында айтылды.

 «Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 23 наурыздағы 00: 00-ден бастап №3 ТГ-П12-2111 бұйрығына сәйкес, шет елдермен әуе қатынасына уақытша шектеу қойылды,»-деп мәлімдеді агенттік.

Ресейде індетті жұқтырғандар саны 367-ге жетті. Қазақстанда – 59 науқас. Ал, әлем бойынша 315 992 адам тіркелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз