Алматыдағы науқастардың жағдайы орташа

Жарияланды
Дәрігерлер 2 науқас пен 1 баланың тиісті ем-дом қабыылдап жатқанын айтты

Алматыда індет жұқтырған 2 науқас пен 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Бұл туралы Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

 
«Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың барлығы стационарда карантинде жатты. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес, ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық»,- деді ол 

Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22 адам ем қабылдап жатыр. 

«Қазір екі науқастың және 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық. Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдерінде карантинде 660, үй карантинінде 1 462 адам, қосымша карантиндік стационарларда 778 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты жағдайда, катаралдық ауытқулар жоқ», – деп айтты Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ оқыңыз