Қазақстанда індетті жұқтырғандар саны 67-ге жетті
Жарияланды
Алматыда тағы үш жағдай тіркелді
Алматыда індетті тағы үш адам жұқтырды,- деп хабарлайды Kursiv.kz.
«Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы үш жағдайы тіркелді», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Елде індетті жұқтырғандардың саны 67-ге жетті. Нұр-Сұлтанда -34 , Алматыда-29, Қарағандыда -2, Алматы облысы-1, Ақтөбе облысысында -1 науқас тіркелді.
Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурыз күні 8: 00-ден бастап Тоқаевтың бұйрығымен енгізілді.