Шарипова қандай жағдайда кәсіби рингке оралатынын мәлімдеді

Жарияланды
Оның ішіндегі басты шарт келесі жекпе-жекке дайындалуға $1 млн бөлу болып табылады

Әйлдер арасындағы кәсіби рингке Қазақстан атынан бірінші болып шыққан Фируза Шарипова 24-қазанда өзінің кәсіби ринке қандай жағдайда оралатынын мәлім етті.

«Егер менің Майва Хамадушпен жекпе-жегімді ұйымдастыруға және оған дайындалуға $1 млн бөлінсе, жекпе-жек болады! Мен ораламын, Қазақстанда Майваны жеңемін, сөйтіп, әлемдегі нөмірі бірінші боксшы атанамын!» – деп жазды Шарипова «ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында.

Үстіміздегі жылғы қыркүйекте Шарипова өзінің спорттық мәнсабын тоқтатқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол мұны Қазақстанның салалық федерациясы тарапынан титулдық жекпе-жектерді ұйымдастыруға және өткізуге қаржылай көмек көрстілмейтіндігімен түсіндірген болатын.

Спортшының айтуынша, осы жылдың сәуірінде ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан және WBC Silver белбеуінен айырылыпты, өйткені бір жылдам астам уақыт бойы регламентке сәйкес осы атақтарды қорғау үшін жекпе-жектер өткізбеген.

Спортшының командасындағылар осы атақты қорғаудың орнына олар WBC және IBO тұжыжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін фин спортшысы Ева Вальстреммен біріктіруші жекпе-жек ұйымдастырмақшы едік дегенді алға тартады. Алайда еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қажетті қаржыландыруға қол жеткізе алмапты.

Министрліктегілер жауап ретінде екінші жартылай жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша толыққанды чемпион мәртебесіне ие Ева Вальстреммен біріктіруші жекпе-жек өткізуге қаржы бөлінгенін растайтын құжаттарды ұсынды.

Нәтижесінде, Шарипова өзінің спорттан кетуге ниетті екенін мәлімдеді, бірақ 23-қазанда оның менеджері Сергей Завилейский әлеуметтік желіге кәсіби бокстағы әйелдер рейтингісінің бірінші нөмірі француз атлеті Майва Хамадуштың Шариповамен кездесуге ниетті екені туралы мәлімдемесін шығарды

«Қазір мен Монакада спорт телевидениесінің көрмесінде жүрмін, міне, осы жерде Майваны және оның менеджерін кездестірдім. Мен спортшыға Фирузаның мәнсабын тәмәмдағаны туралы жариялағанын айттым, ол қатты кейіді. Майва Фирузаны спорттан кетпеуге, қайта өзімен кездесу өткізуге шақырды. Мен онымен алдын ала келіссөз жүргіздім, нәтижесінде, Майва Қазақстанға келуге және әлемнің үздік спортшысы атағы үшін жекпе-жекті дәл осы елде  өткізуге дайын екенін айтты», – деп жазды Завилейский.

Сонымен қатар, ол Шарипованың жазбасындағы сомаға қатысты түсініктеме берді: Завилейскийдің есептеулері бойынша, $1 млн қазақстандық спортшыға ұзақ үзілістен кейін спорттық баптың қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін жыл бойы дайындалуға, және Хамадушпен кездесуге дейін екі жекпе-жекті ұйымдастыруға қажет екен.

Бұлардың барлығынан бөлек, Шарипова бейсенбіде Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың өзінің жақында босанғаны және кішкентайлы болғаны туралы айтқан сөздерін жоққа шығарды. 

«Құрметті Виктор Леонидович! Мен сіздің айтқан сөздеріңізге үлкен құрметпен қараймын, бірақ мен босанған жоқпын. Кішкентайлы болғанда – айтамын 🙂 Мен соңғы жекпе-жегімді сәуірде өткіздім, содан мамыр айынан бері бокстан демалып жүрмін. Үзіліс ұзаққа созылып кетті, мен, шынымен, боксты сағынып жүрмін. Менде спорттық мәнсабымды жалғастыруға ниет те, мүмкіндік те бар. Мен өз күшімен және командама сенімдімін! Егер $1 млн тартуға қол жетсе, мен екі жекпе-жек өткіземін, ал 2020 жылдың соңында әлем чемпионы атағы үшін Майвамен жұдырық түйістірем. Мен сол кездесуде жеңіске жететініме сенімдімін. Бізге тек қаржыландыру қажет – онсыз мәнсабымды жалғастырудың мәні жоқ», – деді сөзін түйіндеген Шарипова.
 

Сондай-ақ оқыңыз