Алматы басшысы Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

Жарияланды
Әкім бұл мәселе жөнінде Премьер-Министрге хат жолдады

Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министрден Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің парақшасында хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-Министріне хат жолдады.

 «Экологтармен жиі кездесемін. Көкжайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.

Сондай-ақ оқыңыз