Сингапурда екі апта ішінде COVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген жоқ

Жарияланды
Бұл елде 58 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырды

Сингапур 15 күн ішінде жергілікті тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларын тіркеген жоқ, деп хабарлайды  Іnterfax.ru  Straits Times сілтеме жасап.

Бұл пандемия басталғаннан бері сингапурлықтар арасында жаңа инфекция тіркелмеген ең ұзақ кезең. 

Сингапурда пандемия басталғаннан бері 58 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырды, 28 адам қайтыс болды. 37 адам ауруханаларда жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз