Мәскеуде мұғалімдерді коронавирусқа тексерді

Жарияланды
5500 қызметкерде індет анықталды

 «Мәскеуде білім беру саласының барлық қызметкерлері коронавирусқа оқу жылы басталғанға дейін тексерілді. 180 мыңнан астам адам  тестілеуден өтті», – деді қала әкімінің орынбасары Анастасия Ракова. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Оның айтуынша, 5500 қызметкерде коронавирус анықталды, яғни 3%. 

 «Олардың барлығы дәрігердің бақылауында болады және оларға мектепте жұмыс істеуге рұқсат берілмейді», – деп келтіреді Мәскеу мэрінің сайты Раковтың сөзін.

24,1 мың адамда (13,3%) коронавирусқа антиденелер пайда  болған. Тек мұғалімдер ғана емес, асхана қызметкерлері, күзетшілерде тексерілді.

Мәскеуде және басқа қалаларда 1 қыркүйекте мектепте оқу басталады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз