COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты

Жарияланды
Бүгін 12 жасар қыздың ауруханадан шығуы мүмкін

Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты,-деп хабарлады Алматы Әкімдігінің телеграмм каналы.

Бұл азамат Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин — Минск — Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам.
Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында 14 күндік үй карантинінде болады.

Еске салсақ, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылды.

Бақылау талдауы  расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз