Зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды

Жарияланды
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысында зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ-на 86 жастағы зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жәбірленуші зейнетақысын алып үйіне бара жатқанда, оған белгісіз әйел шабуыл жасап күртесінің қалтасынан 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, қашып кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 41 жастағы әйелді анықтап, ұстады. 
Қаражат алынып, жәбірленушіге қайтарылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз