12 жастағы қыз індетті жеңді 

Жарияланды
Ол ауруханадан шықты

Алматыда COVID-19 вирусы анықталған 12 жасар қыз  емделіп шықты,- деп хабарлайды Алматы Әкімдігінің телеграмм каналы.

Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды.

Ауру жеңіл түрде өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қыз 13 наурызға қараған түні Берлин — Минск — Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген болатын. Экипажды қоса алғанда барлық борт оқшауланған.

Барлық босатылған науқастар клиниканың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен үйге 14 күндік карантинге жіберілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз