Facebook компаниясы ребрендинг жасады
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                
                
                                    
                        Корпорация мен әлеуметтік желінің логотиптері әртүрлі болады
                    
                            Facebook компаниясы жаңа логотипін таныстырды. Жаңа логотипте тек бас әріптер мен арнайы жасалған қаріп қолданылады.
Корпорация ребрендингті пайдаланушылар компанияны өзімен аттас әлеуметтік желіден айыра білуі үшін жасады. Ал әлеуметтік желі жеке брендін сақтап қалады.
Facebook басшысы Марк Цукербергтің мәлімдемесінде компания өз қызметін жалғыз сервиспен бастағанымен, бүгінде адамдардың байланыс орнатып, бизнесін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше өнімі бар екенін айтылған.
Қазіргі кезде корпрацияның Facebook Messenger, Instagram, WhatsApp, Oculus, Workplace, Portal и Calibra сынды өнімдері жұмыс істейді. Алдағы апталарда компания жаңа брендін өз өнімдері мен маркетингтік материалдарында, компанияның жаңа сайтында пайдалана бастайды.