Нұр-Сұлтанда шенеуніктер 1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырған

Жарияланды
Бұл ақша 300 орындық балабақша салуға жетер еді

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды агенттік баспасөз қызметі. 

Тергеу барысында қала әкімдігінің тауарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болган. 
Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд теңгеден асады.  Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болар еді.  

«Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т.сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)», деліген хабрламада. 

ҚР ҚПК-нің 201-б. тәртібінде тергеу мүдделеріне сәйкес басқа деректердің жария етілуіне жол берілмейді.
 
 

Сондай-ақ оқыңыз