Атырау қаласы  карантинге жабылды

Жарияланды
Індетті жұқтырған науқастармен 109 адам байланыста болған

Атырауда коронавирусты жұқтырған науқастармен байланыста болған 109 адам карантинге жабылды. Олардың барлығы COVID-19 тест сынағынан өтті. 

Атырау денсаулық сақтау басқармасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, коронавирустық инфекцияның алтыншы жағдайы расталды. Жас жігіт екінші облыстық ауруханаға  жатқызылды.

Жергілікті билік атыраулықтарды үйде отыруға, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға, сондай-ақ ,халық көп жиналатын орындарға  бармауға шақырды.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы № 8 шешіміне сәйкес,  қалада карантин 2020 жылдың 30 наурызында 00: 00-ден бастап жарияланады,-деп хабарлады Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
 

Сондай-ақ оқыңыз