Еліміздегі тоғыз қалада биологиялық дезинфекциялау жұмыстары өткізілуде

Жарияланды
Бұл шараларды қорғаныс бөлімшелері атқарады

Қазақстанның тоғыз қалаласында биологиялық қорғаныс бөлімшелері дезинфекциялау жұмыстарын өткізуде,-деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министірлігі.

Төтенше жағдай жарияланған  күннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда мен Тараз қалаларында  Қарулы Күштер биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері арнайы залалсыздандыру жұмысын атқаруда.

Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекциялау жұмысы қалай жүргізіліп жатқандығы туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тексерді. Ол әскери қызметшілердің Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен амандығын сақтауда атқаратын жұмыстары маңызды және ауқымды екендігін айта өтті.

 «Әскерилердің ерекшеліктері – бейбіт кезде істері көрінбей, қиын кезеңде көмекке келетіні болып табылады», – деді Нұрлан Ермекбаев сапта түзелген сарбаздар мен сержанттарға өз назарын аударып. 

 

Сондай-ақ оқыңыз