Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды
2019 жылғы Қазақстан премьер-лигасының қорытынды, 33-турының ойындары өтті.
Елдің алты дүркін чемпионы мәртебесіне қол жеткізген «Астана» өз алаңында павлодарлық «Ертістен» жеңіліске (0:2) ұшыраса, біріншіліктің күміс жүлдегері «Қайрат» өз алаңында 2:1есебімен «Атыраудан» басым түсіп, «мұнайшыларды» екінші дивизионға түсіріп тастады.
«Таразды» 3:0 есебімен жерге қаратқан «Ордабасы», қола медальға қол жеткізді.
Қазақстандық кәсіби футбол лигасы 33-турының қалған ойындарында нәтиже төмендегідей болды:
«Тобол» – «Ақтөбе» – 2:1
«Қайсар» – «Оқжетпес» – 1:1
«Жетісу» – «Шахтер» – 3:2
«Атыраумен» бірге премьер-лигамен «Ақтөбе» де қош айтысатын болды. Олардың орындарын бірінші лиганың көшбасшылары – ақтаулық «Каспий» мен петропавлдық «Қызыл-Жар СК» басатын болды. 2020-ҚКЛ-дың түпкілікті құрамы «Тараз» бен «Ақжайық» командалары арасында болатын өтпелі ойындардың қорытындылары бойынша анықталады.