Алаяқтар вакцинацияланған еуропалық сертификаттарын 300 долларға сатуда

Жарияланды
Оның ішінде AstraZeneca, Pfizer, Johnson & Johnson немесе Moderna деп көрсетілген

«Kaspersky» бірнеше көлеңкелі жерлерді зерттеп, еуропалық үлгідегі коронавирустық инфекцияға қарсы электрондық вакцинация сертификаттарын сату туралы ұсыныстар тапты. Хабарландырулардағы құжатты орташа есеппен 300 АҚШ долларына сатып алу ұсынылады. Бұл туралы «Kaspersky»  зертханасының» Қазақстандағы баспасөз қызметі хабарлады.

Алаяқтар клиенттің деректері сатып алынған жағдайда базаға енгізіледі және оған бірегей QR-код беріледі деп сендіреді. Сатып алушы вакцинация елін және вакцина өндірушісін таңдай алады: AstraZen eca, Pfizer, Johnson&Johnson немесе Moderna. Сертификаттың өзі Шығыс Еуропа елдерінің бірінде шығарылады делінеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жарнамалар негізінен пайдаланушылардан ақша алуға бағытталған. 

Сертификатты QR-коды және барлық деректері бар электрондық құжат форматында жіберуге уәде беріледі. Сатушылар құжаттың түпнұсқалығын CovPass, CovidCheck, Corona Warn сияқты ресми қосымшалар арқылы тексеруге болады деп сендіреді. Кейбір жағдайларда төлем кез-келген криптовалютада қабылданады деп көрсетіледі. Хабарландырулар ағылшын тілінде де, орыс тілінде де кездеседі. 

 «Алаяқтар ұзақ уақыт бойы пандемия, шектеулер және вакцинация тақырыбында ақша табудың түрлі тәсілдерін қолданып келеді. Осы жылдың наурыз айында біз шетелдік COVID-19 вакциналарын сату туралы хабарландыруларды көрдік. Кейінірек бұл тақырыпқа деген қызығушылық айтарлықтай төмендеді. Енді алаяқтар адамдардың бүкіл әлем бойынша еркін қозғалу ниетіне ақша табуға тырысуда, өйткені кейбір елдерде тиісті құжаттары жоқ адамдарға кіруге шектеулер енгізілді. Қалай болғанда да, біз көлеңкелі алаңдардан кез-келген өнімді сатып алмауға кеңес береміз. Сірә, мұндай жарнамалар адамдардан ақша алу үшін қарапайым алаяқтық болып табылады», — деп түсіндіреді «Kaspersky»-дің киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Дмитрий Галов. 
 

Сондай-ақ оқыңыз