Павлодар облысында бүгін тiркелген науқастың жағдайы мәлім болды
Павлодар облысындағы бүгінгі тiркелген науқас жағдайы бойынша, бұл науқас Нұр-Сұлтан қаласында ем алуда. Бірақ жүргізілiп жатқан зерттеулер мен анализ талдаулары мөлшерден көп болғандықтан, науқастың анализдерi Павлодар облысына жіберілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
⠀
Осыған байланысты, қазіргі уақытта Павлодар облысында 1 коронавирус ауруы тіркелді.
⠀
⠀
Елде барлығы (2020 жылғы 31 наурыз 16:30 сағ.) 336 коронавирусты тіркеу жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 176, Алматыда- 82, Қарағанды облысы – 13, Атырау облысы – 13, Ақмола облысы – 10,Жамбыл облысы – 3,Шымкент қ. – 2,Шығыс қазақстан облысы – 2, Алматы облысы – 8, Ақтөбе облысында-3, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Қызылорда облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 2.
⠀