Қарағанды облысында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды
Қарағанды облысында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды. Жалпы үш адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi. Алматы қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 6 адам.
Науқастардың жалпы саны 363 жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 16 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам.