Сингапурда екпе алмаған азаматтардың коронавирусты емдеу ақысын төлеуді тоқтатады

Жарияланды
Данияда екі ай бұрын шектеулер қайта енгізіледі

Данияда екі ай бұрын алынған COVID-19-ға байланысты шектеулер қайта енгізіледі. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Tellegram каналы хабарлады.

Арнайы комиссия Үкіметке коронавирусты «қоғамға қауіпті ауру» деп танылуын ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі 15 жастан бастап барлық тұрғындар үшін санитарлық рұқсаттаманы енгізуге әрекет етуде.

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балалар коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады. Ақ үйдің COVID -19 таралуына жол бермеу жөніндегі үйлестірушісі Джефф Зинтстің мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ билігі вакцинациялау науқанына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, балаларға арналған 28 миллион вакцинаны даярлады. Балаларға вакцинаны 10 мкг болатын екі дозада егу жұмыстары жүргізіледі, бұл 12 жастан асқан ересек азаматтардың алатын мөлшерінің үштен бір бөлігін құрайды.

 Сингапур билігі вакцина алмаған азаматтардың коронавирусты емдеу ақысын төлеуді тоқтатады. Вакцинациядан өз еркімен бас тартқан адамдар үшін 8 желтоқсаннан бастап ауруханаларға түскен жағдайда төлем алынады. Бұл өзгерістер 12 жасқа дейінгі балаларға және вакцинациялауға жатпайтын ересек азаматтарға қатысты қолданылмайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз