Vitol басшысы мұнай бағасының 100 долларға дейін өсуін болжайды

Жарияланды (жаңартылды )
Болжам бойынша, жеткізілім тапшылығы бағаның 2014 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілмек

Рассел Харди, әлемдегі ең ірі тәуелсіз мұнай трейдері Vitol Group компаниясының басшысы пандемиядан кейін мұнайға сұраныс толығымен қалпына келгенін айтты.Оның болжамы бойынша, жеткізілім тапшылығы бағаның 2014 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілуіне әкеледі, деп жазады Reuters.

АҚШ-тың стратегиялық қорындағы мұнайды пайдалану шикізат нарығына қысқа мерзімді ғана әсер етеді, дейді Харди. 9 қарашада Лондонның ICE биржасында қаңтардағы Brent фьючерстерінің құны барреліне 84 доллар шамасында болды.

Goldman Sachs әлемде бүкіл шикізат кешені бойынша ұсыныстың құрылымдық құлдырауы ғана емес, сонымен бірге сұраныстың құрылымдық өсуі де байқалатынын атап өтті. Bank of America Brent мұнайының бағасы 2022 жылдың маусымына дейін барреліне 120 долларға дейін көтеріледі деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз