Еліміздегі «АГФ Групп» үй жабдықтарын өндірушісі өз өнімінің 90% – ын экспорттайды

Жарияланды
Бұл кәсіпорының өндірістік қуаты тәулігіне 10 мың бұйымды құрайды

«ӨК» АГФ Групп» ЖШС- төсек-орын жабдықтарын экспортқа бағыттайтын Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған тігін кәсіпорны. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Компания тігін өндірісі саласында 10 жылға жуық жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде оның шығаратын өнімдерінің қатары өте кең болды –бүркемелеу желілерінің жиынтығынан бастап мектеп формасына дейін. Алайда 2015 жылы IKEA швед компаниясымен келісім-шарт жасалғаннан кейін ресейлік дүкендер үшін төсек-орын жабдықтарын жеткізуге мамандандырыла бастады.

Қазіргі кезде компания қарқынды дамып келеді. Бүгінде фабриканың жалпы өндірістік қуаты күніне 10 мың бұйымды құрайды және бұл көлемнің 90% – ы экспортқа шығарылады.

 

Сондай-ақ оқыңыз