Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға алты айға тыйым салынды
Қазақстан республика аумағынан автокөлікпен бензинді, дизельдік отынды, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тағы алты айға тыйым салды, деп хабарлайды Интерфакс.
Энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойған «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған бірлескен бұйрығында айтылған.
«Көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген бензин бактарындағы, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда елден шығаруды, жанар-жағармай майларын қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасы аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген бұйрықта.
Талап алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.