Алматы емханалары қашықтан жұмыс істеуге көшті
Жарияланды
Шұғыл жағдай бөлімдері тәулік бойы жұмысын жалғастырады
️Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының хабарлауынша, Алматы емханалары қашықтан жұмыс істеуге көшкен.
Коронавирус инфекциясымен күреске байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі алматылық медицина қызметкерлерін азаматтарды қашықтан қабылдау әдісіне көшуге мәжбүр етті.
Шұғыл жағдайлар бөлімдері тәулік бойы жұмысын жалғастырады.
Алайда, кеңес беру мен қабылдаудың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшті.
Екпе егу арнайы тапсырма түскенге дейін кейінге қалдырылады, жоспарлы ауруханаға жатқызу шектелді. Дәрі-дәрмекті тегін алатын науқастарға дәрі тікелей үйлеріне жеткізіп береді. Қарттарды да үйлерінде тексереді. Оларға психологтар барып, карантин жағдайындағы сақтық шаралары туралы хабардар етеді.