Қазақстан «Достық» станциясында кейбір жүк түрлерін қабылдауды шектейді

Жарияланды
Қытайға жіберілетін түсті кен, тас көмір, мұнай коксын тасымалдауға шектеу қойылады

Достық станциясында  кейбір жүк түрлерін тасымалдауға шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. 

Шектеу 11 шілдеден басталып, 20 шілдеге дейін созылады. Достық станциясында түсті кен, тас көмір, мұнай коксын ҚХР-ға  тасымалдауға уақытша тыйым салынады. 

«Тыйым ҚХР тарапынан жүктердің уақтылы қабылданбауына байланысты енгізіл. Қазіргі уақытта халықаралық түйісулерде қозғалыссыз 145 пойыз қалдырылды.  Тыйым салу қолданылған кезде вагон ағынын азайту және тоқтап тұрған вагондарды, бірінші кезекте, Қытай тарапы қабылдайтын номенклатурасы мен көлемі бойынша азық-түлік жүктері бар вагондарды тапсыру басым міндет болады» делінген хабарламада. 
 

Сондай-ақ оқыңыз