Биылғы 5 айда заң бұзған автокөліктерге 1,6 млрд. теңге айыппұл салынды

Жарияланды
Салмағы шамадан тыс болған 2063 автокөлікке  тосқауыл қойылды

Ағымдағы жылдың 5 айында  салмағы және габариттік параметрлері шамадан тыс болған 2063 автокөліктің еліміздің жолдарымен жүріп өтуіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram жаңалықтары хабарлады.

2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдары 42916 жүк автокөлік құралын (АТС) тексерді. НҚА талаптарын бұзған 6 311 АТС анықталды. Оның ішінде рұқсат беру жүйесі бойынша заңнама талаптарын бұзған 316 шетелдік АТС бар.

2063 автокөлк құралының артық жүктемемен жүруіне жол бермеді және 1,3 млрд. теңге алым өндіріп алынды.
290 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

2020 жылдың 5 айында мемлекет кірісіне барлығы 1,6 млрд. теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды.

49 шаруашылық субъектілері тексеріліп, 34 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы 30 ұйғарым берілді. Сондай-ақ жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2609 әкімшілік материал ресімделді. Өндіріп алынған айыппұл сомасы шамамен 49,0 млн.теңге. Бұл жалпы тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етті (жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау).
 

Сондай-ақ оқыңыз