42 500 теңге зейнетақы қаражатынан алынады деген ақпарат жалған
Жарияланды
Төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мессенджерлерде 42 500 теңгені жинақталған зейнетақы қаражатынан алынып жатыр деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы қаражаттан бөлінді.
Министірлік азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұрайды.
Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салады.