Иранның оңтүстігінде 5 баллдық жер сілкінісі болды
Жарияланды
Жер сілкінісінің эпицентрі Керман провинциясының Фаряб аймағы
Иранның оңтүстігіндегі Керман провинциясында 5 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Тегеран университетінің сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Керман провинциясының Фаряб аймағында болған.
Жер сілкінісінің көзі 18 шақырым тереңдікте жатты.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.