30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады

Жарияланды
Министр Елжан Біртанов мәлімдеді

Еліміз бойынша 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, ол 4 сәуірде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойған.

Бұйрықта барлық тәуекел тобы, төлем мөлшері мен тізімді қалыптастыру тәртібі айқындалған.

Оның айтуынша, еліміздің өңірлерінде де тиісті комиссия жасақталып, медицина қызметкерлерінің аты-жөндері бойынша тізім алынған.

«Медицина ұйымдарының басшылары 1-2 тәуекел тобындағыларға қаражат аударуды бастайды. Ал апта соңына дейін барлық қалған медицина қызметкерлеріне аударылады. Осылайша 30 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алады», – деді министр.

Сондай-ақ оқыңыз