Қоғамдық көлікте адамдар саны  азайды 

Жарияланды
 Ал метрода жолаушылар ағыны 90%-ға төмендеді

Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев БАҚ өкілдеріне арнап онлайн брифинг өткізді. Бұл туралы Алматы Әкімдігінің телеграм каналы хабарлайды.

«Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарды.  Соңғы аптада жолаушылар 80%-ға азайды», — деп атап өтті Сағындық Телібаев.

«Жалпы, қала бойынша қоғамдық көлікте коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК, «Нұр Тансық» ЖШС және «IC Development» ЖШС мамандандырылған компанияларымен барлық автобустарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр», — деді спикер.

 «Сонымен қатар, метрополитендегі жолаушылар ағыны да 90%-ға төмендеді. Соған қарамастан, метрода күн сайын штаттық режимде 4 жылжымалы құрам жұмыс істеп жатыр. Станциялар  2 сағат сайын, вагондар әрбір рейс сайын дезинфекцияланады», — деп атап өтті С. Телібаев.

Брифингте басқарма басшысы жүргізушілер жалақысының өзгеріссіз қалғанын, сонымен қатар таңертең әрбір жүргізушінің жұмыс басталар алдында дене қызуы мен жалпы жағдайы тексерілетінін айтты.
 

Сондай-ақ оқыңыз