Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде екі талапкерде жоғары температура анықталды
6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алады, оларға электронды сертификат беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. 144 талапкер ҰБТ-ға келмеді.
2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсырады.
ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады.
Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар ережелерді ұстану міндеттемелерімен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды.
Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылып, осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және ережелерді бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген.