Қазақстанда мұнай өндірісі артады
Жарияланды
Биыл 90,5 млн тонна мұнай өндіріледі
Қаңтар-қараша аралығында 82,5 млн тонна мұнай өндірілсе, жол соңына дейін бұл көрсеткішті 90,5 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.
«2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында өндіріс көлемі 82,5 млн тоннаға жетіп, жоспардан асыра өндірілген (101,8%). Жылдық жоспарымыз – 89 млн тонна. Дегенмен, мұнай өндіру жоспарын жыл соңына дейін біршама асыра орындап, 90,5 млн тоннаға жетуі мүмкін. Өткен жылмен салыстырғанда, 100,2 пайызды құрайды»,–деді вице-министр.
Мұнай, негізінен, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында өндіріледі. Бұл кен орындарында мұнайдың 60 пайызы өндіріледі.